Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 389 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қаңтарда № 9-14-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 238 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 07.10.2014 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.10.2013 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.10.2013 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрағасы                       К. Балапанова

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ З. Кенжегарина
      2010 жылғы 21 желтоқсанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады