"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылғы 12 сәуірден бастап 21 мамырға дейін айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Тұрағұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 12 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Аудан әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________А. Ковальчук