Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 79 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 4116 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 07-08/377 хатын қарастырып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салалары мамандарына қажеттілікті ескере отырып Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін.
      2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         В. Мелоян

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ А. Бекпанов

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Ш. Сатыбалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады