2013 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 140 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қазанда № 4230 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18–бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2013 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезектен тыс
      сессиясының төрайымы                       С. Руденко

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      __________________ Ү. Наурызбаева

      "Ұзынкөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Әбдірахманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады