Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 23.06.2015 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін (қоса беріледі).
2. Осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессиясының төрайымы С. Руденко
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Г. Асқарова
"Ұзынкөл ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Н. Әбдірахманова
Мәслихаттың
2013 жылғы 29 қарашадағы № 155
шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) ең төменгi күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдарымен есептелетiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
8) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
4. Жеңiс күнi - 9 мамыр мереке күнi болып табылады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің
мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарды есептемегенде:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа санаттарына, тұрмыстық қажеттiлiктерге, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiледi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 28.05.2014 № 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Бiржолғы әлеуметтiк көмек өмiрлiк қиын жағдайға тап болған келесi азаматтарға, сондай-ақ мереке күнiне азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетiледi:
1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге табыстарды есептемегенде, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
2) барлық cанаттағы мүгедектерге, шипажайларға және оңалту орталықтарына жол жүруге және керi қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшiн, табыстарды есептемегенде, 3 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерiнде;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға, табыстарды есептемегенде, 15 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерiнде;
4) бiлiм беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттiк бюджеттен өзге төлемдердiң түрлерін алушылар, бiлiм беру гранттарының иелерi болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтiнiш жасалған айдың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi – ең төменгi күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есептемегенде, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуды жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға, жоғары бiлiмдi алуға байланысты шығындарды өтеу үшiн, оқу жылы iшiнде екi бөлiнiп аударылатын 400 айлық есептiк көрсеткiштен көп емес мөлшерiнде;
5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, қайтыс болған күнi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген, қайтыс болған туыстарын, ерлi-зайыптыларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасыларға өтiнiш жасаған тоқсанның алдыңдағы тоқсанға, тұрмыстық қажеттiлiктерге, 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
7) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарды есептемегенде, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерiнде;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 000 теңге мөлшерінде;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа санаттарына, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс күнiне орай, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 24.12.2014 № 253 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) ең төменгi күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегi Қостанай облысы бойынша белгiленген бiр еселiк ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде.
9. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетiлген жағдайлар туындаған күнiнен бастап үш айдан кешiктiрiлмей көрсетiледi.
10. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Мереке күнiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергiлiктi атқарушы органмен бекiтiлген тiзiм бойынша көрсетiледi.
12. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген адамдар ай сайынғы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжатты ұсынады.
13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) Үлгiлiк қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) осы Қағидалардың 7-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген адамдардың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
16. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
17. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
18. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
19. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
21. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
23. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтiк көмектi төлеу уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтiк көмек алушының банктiк шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ұзынкөл ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.
Мәслихаттың
2013 жылғы 29 қарашадағы № 155
шешiмiне қосымша
Мәслихаттың күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
Мәслихаттың 2012 жылғы 29 маусымдағы № 35 "Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-180 тіркелген, 2012 жылғы 2 тамызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
Мәслихаттың 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 71 "Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
Мәслихаттың 2013 жылғы 19 наурыздағы № 93 "Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген, 2013 жылғы 4 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
Мәслихаттың 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 98 "Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 тіркелген, 2013 жылғы 18 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған);
Мәслихаттың 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 103 "Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 тіркелген, 2013 жылғы 9 мамырда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған).