Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 29.11.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген мәслихат шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге. Тұтынушының жүгіну фактісі бойынша жылына бір рет көрсетіледі;
9) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшелерінде.";
көрсетілген мәслихат шешімінің қосымшасында:
2-тармағы келесі мазмұндағы 5), 6) тармақшаларымен толықтырылсын:
"5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;
6) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7-ші кезектен тыс
сессиясының төрағасы,
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Асқарова