Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 29.11.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгеpіc енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының 17-нші
кезекті сессиясының төрайымы Т. Гуляева
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының хатшысы В. Вербовой
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Г. Асқарова