Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 93 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 сәуірде № 4078 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 29.11.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 47-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      15-ші кезекті
      сессиясының төрағасы                       А. Рогозин

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Асқарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады