Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 09.07.2014 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18–бабына, 238–бабының 3–тармағына сәйкес Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 86 "Ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін және аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес пайыздан төмен емес көтерілген лауазымдық жалақыларға және тарифтік ставкаларға құқығы бар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандарының лауазымдарының тізімін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-72 тіркелген, 2008 жылғы 5 маусымдағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын";
қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров
ауданының әкімі Қ. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
Федоров аудандық
мәслихатының хатшысы
__________________ Б. Бекенов