Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 232 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 тамызда № 4970 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 221 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 07.07.2015 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238–бабының 3–тармағына, 18–бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабының 2–тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      әкімдіктің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 86 «Ауылдық (селолық) елді – мекендерде жұмыс істейтін және аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес пайыздан төмен емес көтерілген лауазымдық жалақыларға және тарифтік ставкаларға құқығы бар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандарының лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-72 тіркелген, 2008 жылғы 5 маусымда «Федоровские новости» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы;
      әкімдіктің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 364 «Әкімдіктің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 86 «Ауылдық (селолық) елді - мекендерде жұмыс істейтін және аудандық бюджет қаражатының есебінен жиырма бес пайыздан төмен емес көтерілген лауазымдық жалақыларға және тарифтік ставкаларға құқығы бар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандарының лауазымдарының тізімін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Федоровские новости» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров
      ауданының әкімі                            Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Федоров аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _________________ Б. Бекенов

Әкімдіктің         
2014 жылғы 9 шілдедегі № 232 
қаулысына қосымша      

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін  әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
ветеринария  саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      2) интернат меңгерушісі;
      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      4) медициналық бике;
      5) зертханашы;
      6) емдәм бикесі;
      7) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше (орталық) меңгерушісі;
      8) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      9) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2.Білім мамандарының лауазымдары:
      1)мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      2)мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      3)мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің басшысы;
      4)мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      5)әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
      6)интернат меңгерушісі;
      7)барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      8)кітапханашы;
      9)жетекші;
      10) тәрбиеші;
      11) нұсқаушы;
      12) логопед;
      13) медициналық бике;
      14) әдістемеші;
      15) музыкалық жетекші;
      16) психолог;
      17) әлеуметтік педагог;
      18) емдәм бикесі;
      19) аккомпаниатор;
      20) үйірме жетекшісі.
      3.Мәдениет мамандары лауазымдары:
      1)мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы;
      2)көркемдік жетекші;
      3)кітапхана меңгерушісі;
      4)аккомпаниатор;
      5)кітапханашы;
      6)дыбыс режиссері;
      7)мәдени ұйымдастырушы;
      8)әдістемеші;
      9)музыкалық жетекші;
      10)хореограф;
      11)барлық атаудағы суретшілер;
      12)жарық аппаратурасы операторы;
      13)дыбыс жазба операторы.
      4.Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1)мал дәрігері;
      2)ветеринарлық фельдшер.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады