Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 03.09.2014 N 1-11/560 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су кодексі" 38-бабының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына, сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар облысы бойынша 2013 жылға арналған жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Есенжолов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы М. Көбенов
Павлодар облыстық мәслихатының
(V сайланған ХV сессиясы)
2013 жылғы 20 ақпандағы
№ 133/15 шешіміне
қосымша
Павлодар облысы бойынша 2013 жылға арналған жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы
мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Мөлшерлемелер теңге |
---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
1000 текше метр |
81,79 |
2 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде |
1000 текше метр |
235,01 |
3 |
Ауыл шаруашылығы |
1000 текше метр |
66,22 |
4 |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылық-тары |
1000 текше метр |
66,22 |
5 |
Су көздерінде балық аулауды жүргізетін тұтынушылар, балық шаруашылықтары |
өнімнің тоннасы |
166,20 |
6 |
Су көлігі |
1000 т. км |
9,08 |