Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2013 жылы жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредит беру шарттарын анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі N 119/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 сәуірде N 3519 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі N 314/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 09.09.2013 N 314/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 543-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы "Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы" N 112 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына, Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған XI сессиясы) 2012 жылғы 6 желтоқсандағы "2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 116/11 шешіміне сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бюджеттік кредиттерді берудің 2013 жылға арналған мынадай шарттары белгіленсін:
      беру мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру;
      кредит мөлшері – 742 285,0 мың теңге;
      кредит валютасы – теңге;
      кредитті игеру кезеңі кредитор шотынан кредитті аудар сәтінен бастап есептелінеді және 2017 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады;
      кредит беру мерзімі – 5 жыл;
      уәкілетті өңірлік ұйымдар үшін бюджет пайдасына аударылуға жататын кредиттер ретінде бюджет қаражатын бергені үшін сыйақы мөлшерлемесі, уәкілетті өңірлік ұйыммен микроқаржы ұйымына ұсынылатын кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі, сондай-ақ Бағдарламаның қатысушыларына кредит бойынша ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес белгіленеді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады