Павлодар облысы Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 2 қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 156/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 мамырда N 3534 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Әкімшілік реформалар жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 28 ақпандағы отырысының хаттамалық тапсырмасы, "Павлодар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Павлодар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы N 70/3 қаулысы және Павлодар ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 14/91 шешімі, "Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі  N 409/2 қаулысы және Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі N 120/17 шешімі негізінде, Павлодар ауданының Жетекші ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгеріс енгізілсін:
      жалпы ауданы 2111,0 гектар болатын аумағын Павлодар облысы Павлодар қаласының құрамына енгізу арқылы Павлодар ауданының Жетекші ауылы таратылып, есепті деректерден шығарылсын.
      2. Павлодар қаласының әкімдігіне Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссияның келісімдеуіне енгізу тапсырылсын.
      3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Бойчин

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               М. Көбенов

      Павлодар облысының әкімі                   Е. Арын

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының
      Өңірлік даму министрі                      Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады