Павлодар облысы бойынша ормандарды пайдаланғаны үшін 2014 - 2016 жылдарға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 219/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда N 3677 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабы, 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 506-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Павлодар облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер бойынша ормандарды пайдаланғаны үшін 2014-2016 жылдарға арналған төлемақы мөлшерлемелері 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша ормандарды пайдаланғаны үшін 2014-2016 жылдарға арналған төлемақы мөлшерлемелері 2-қосымшасына сәйкес;
      3) "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бойынша ормандарды пайдаланғаны үшін 2014-2016 жылдарға арналған төлемақы мөлшерлемелері 3-қосымшасына сәйкес, бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық маслихатының
      хатшысы                                    М. Көбенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар облысының қоршаған
      ортаны қорғау басқармасы"
      ММ басшысы                                 С.К. Әпсалықов
      2013 жылғы 20 желтоқсан

      "Қазақстан Республикасының
      Қоршаған орта және су ресурстары
      министрлігінің Орман және
      аңшылық шаруашылығы
      комитетінің Павлодар облысы
      бойынша орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық инспекциясы"
      ММ басшысы                                 Ж.Қ. Нұралин
      2013 жылғы 20 желтоқсан

      "Қазақстан Республикасының
      қаржы Министрлігі Салық
      Комитетінің Павлодар облысы
      бойынша Салық департаменті"
      ММ басшысы                                 Е. Қ. Төлегенов
      2013 жылғы 20 желтоқсан

Облыстық мәслихаттың   
(V сайланған ХХVІІ сессиясы)
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
N 219/27 шешіміне      
1-қосымша          

Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының
ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемелер бойынша ормандарды пайдаланғаны үшін 2014-2016
жылдарға арналған төлемақы мөлшерлемелері

N т/н

Атауы

Өлшем бірлігі

2013 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

2014-2016 жылдардағы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

4

5


1. Шөп шабу

1

Шабындықа пайдаланатын жерлер

1 гектар

1063

1076


2. Мал бағу

1

Ірі мал (ІММ, жылқы)

1 бас

662

669

2

Ұсақ мал (қой)

1 бас

165

167

3

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас

579

586

4

Жас мал

1 бас

331

335


3. Омарталардың орналасуы

1

Ара ұясын құру

1 ара ұясы

1181

1196


4. Қосымша ағаш ресурстарын дайындау

1

Қайың сабағы

1 кг

40

42


5. Мәдени – сауықтыру, ғылыми – зерттеулік мақсаттарында МОҚ аймағын ұзақ мерзімде пайдалануға төлемақы мөлшерлемесі

1

Мәдени–сауықты-ру, ғылыми–зерттеулік мақсаттарда

1 га

590

598


6. Рекреациондық, спорттық, туристік, мақсаттарда МОҚ аймағын ұзақ мерзімде пайдалануға төлемақы мөлшерлемесі

1

Рекреациондық, туристік, спорттық мақсатта

1 га

1672

1709

Облыстық мәслихаттың   
(V сайланған ХХVІІ сессиясы)
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
N 219/27 шешіміне      
2-қосымша          

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша
ормандарды пайдалану үшін 2014-2016 жылдарға
арналған төленетін төлемақы мөлшерлемелері

N т/н Атауы Өлшем бірлігі 2013 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге) 2014-2016 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

4

5


1. Шөп шабу

1

Шабындықа пайдаланатын жерлер

1 гектар

1054

1137


2. Мал бағу

1

Ірі мал (ІММ, жылқы)

1 бас

656

707

2

Ұсақ мал (қой)

1 бас

164

177

3

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас

574

619

4

Жас мал

1 бас

328

354

Облыстық мәслихаттың   
(V сайланған ХХVІІ сессиясы)
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
N 219/27 шешіміне      
3-қосымша          

"Ертіс орманы" МОТР бойынша ормандарды пайдаланғаны үшін
2014-2016 жылдарға арналған төленетін төлемақы мөлшерлемелері

N т/н Атауы Өлшем бірлігі 2013 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге) 2014-2016 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

4

5


1. Шөп шабу

1

Шабындықа пайдаланатын жерлер

1 гектар

801

1112


2. Мал бағу

1

Ірі мал (ІММ, жылқы)

1 бас

498

692

2

Ұсақ мал (қой)

1 бас

125

173

3

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас

436

606

4

Жас мал

1 бас

249

346

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады