Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.02.2014 N 199/28 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережелері туралы" N 26/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-79 тіркелген, "Ақжол" - "Новый путь" газетінде 2008 жылдың 17 қаңтарында N 4 жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлігінде заң атауы "Жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Мұқашев
Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев