Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" N 128/1 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы N 820/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қарашада N 3620 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 336/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.04.2016 № 336/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы "Ақсу қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" N 128/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3467 болып тіркелді, 2013 жылғы 16 наурызда N 21 "Новый путь" және N 21 "Ақсу жолы" қалалық газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына," кіріспе сөздері алып тасталсын;
      1-тармақты мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) 50 жастан асқан тұлғалар".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады