Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 13.11.2013 N 820/5 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Ақсу қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) бір жылдан аса жұмыс істемеген тұлғалар;
3) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
4) 16-дан 29 жасқа дейінгі жастар;
5) туберкулезбен ауыратын науқастар;
6) жұмыс өтілі жоқ тұлғалар;
7) 50 жастан асқан тұлғалар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 13.11.2013 N 820/5 (жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Бақауов |