Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 19.06.2013 N 555/6 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкiмінiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
N 156/2 қаулысымен
бекітілген
"Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi
және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi
санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабы 4 тармағына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік қызмет "Екібастұз әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - өкілетті орган) "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Екібастұз қаласының филиалы, (бұдан әрі - орталық) арқылы мына мекенжай бойынша көрсетіледі: 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 92/2, телефоны 8 (7187) 776693, жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын: сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін, сайты: ekb_con@mail.ru көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі "Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік кызмет регламентін бекіту туралы мемлекеттік қызметін көрсетудің стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі N 981 қаулысымен бекітілген стандарт (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушы) спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты жиырма минуттан аспайды;
3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты жиырма минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
9. Стандарттың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрекеттер
(өзара әрекет жасау) тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызмет стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды орталыққа алушы ұсынған кезде көрсетіледі.
11. Барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде алушыға стандарттың 14-тармағына сәйкес, мәліметтер көрсетілген тиісті құжаттардың алынғаны жөнінде қолхат беріледі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) жұмыс істейді:
өкілетті органның маманы;
өкілетті органның басшысы.
13. Әрбір әкімшілік әрекетті (ресімді) орындау мерзімі, көрсетілген әр әкімшілік әрекеттердің (ресімдердің) кезектілігі мен өзара әрекеттестігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік әрекеттердің арасындағы логикалық кезектілігі, өзара әрекеттестікті анықтайтын кестелер осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті қөрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
15. Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет қөрсету барысында қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген тәртіпте жауапты.
2013 жылғы 12 ақпандағы "Екiншi және
үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы
бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттiк қызмет регламентіне N 156/2
1-қосымша
Әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) өзара
қатынастары мен жүйелілігінің сипаттамасы
Негізгі процестің (жүрістің, жұмыс легінің) әрекеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Әрекет (жүріс, жұмыс легінің) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
бірліктің атауы |
Өкілетті органның маманы |
Өкілетті органның басшысы |
Өкілетті органның маманы |
Өкілетті органның басшысы |
Өкілетті органның маманы |
Әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Алушыдан қажеттік құжаттарды қабылдайды және тіркейді, қолхат береді |
Ұсынылған құжаттарды қарастырады |
Спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасын әзірлейді және келіседі |
Спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрық, бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қол қояды |
Бұйрықтан үзінді не дәлелді жауап журналда тіркейді және центрға береді |
Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім) |
Қолхат беру |
Қарарын қояды |
Спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы |
Спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
Спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
Орындау мерзімдері |
20 минуттан аспайды |
3 күнтізбелік күн |
20 күнтізбелік күн |
5 күнтізбелік күн |
20 минуттан аспайды |
Кезекті әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
2013 жылғы 12 ақпандағы "Екiншi және
үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы
бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттiк қызмет регламентіне N 156/2
1-қосымша