Қоғамдық жұмыстарға тарту үшін сотталған азаматтарға қоғамдық жұмыстар түрлерін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы N 475/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 желтоқсанда N 3653 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 71/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 06.03.2015 № 71/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Железин ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Селолық округтің әкiмдерi Железин аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкiмiнiң жетекшiлiк жасайтын орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Қ. Абушахманов

  Железин ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "03" желтоқсандағы
N 475/11 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған
азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi

      1. Аумақты мұздан тазалау.
      2. Аумақты қардан тазалау.
      3. Аумақты қоқыстан тазалау.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      5. Аумақты арамшөпрден тазалау.
      6. Ғимараттарды, қоршауларды сырлау.
      7. Ғимараттарды, қоршауларды, ағаштарды ақтау.
      8. Гүл хауыздарын, кошеттерді бөлу және отырғызу.
      9. Гүл хауыздарын, кошеттерді суғару.
      10. Бұталарды шабу.
      11. Шөп шабу.
      12.Су қоймаларын шөптен және қотыстан тазалау.
      13. Ескі құрылыстарды бұзу кезіндегі құрылыс қоқыстарын тазалау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады