РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 19.06.2013 N 182/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е. Біләлеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Күлжан
Павлодар облысы
Качир ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
N 15/1 қаулысымен
бекітілді
"Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi
спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Качир ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Качир ауданы филиалы арқылы (бұдан әрі – орталық ) ұсынылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне (бұдан әрi - алушылар) көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі N 981 қаулысымен бекітілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – стандарт).
6.Жұмыс кестесi:
жергiлiктi атқарушы органда демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,сағат 9.00–ден 18.30-ға дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, Тереңкөл селосы, Тәуелсіздік көшесі, 230 мекен-жайы бойынша;
орталықта мереке күндерiн қоспағанда, түскі үзіліссіз, демалыс күні – жексенбі, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, Тереңкөл селосы, Тургенев көшесі, 85а мекен-жайы бойынша;
Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негіздемелері стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау орталықтың қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы орталыққа стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:
1) орталықтың қызметкері;
2) уәкілетті органның маманы;
3) уәкілетті органның комиссиясы;
4) уәкілетті органның бастығы.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірліктер бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Уәкілетті органның лауазымды адамдары және орталықтың қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.
"Екiншi және үшiншi разрядтар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк
разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік қызметі регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органға өтініш берген кездегі құрылымдық-функционалды
бірліктердің (бұдан әрі – бірліктер) іс-әрекеттердің
сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) реттік нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
Бірліктердің атауы |
Орталықтың қызметкері |
Уәкілетті органның комиссиясы |
Уәкілетті органның бастығы |
Уәкілетті органның маманы |
Уәкілетті органның бастығы |
Орталықтың қызметкері |
3 |
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау |
Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қарау |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрық шығарады |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қою |
Тұтынушыға спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзіндіні не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім) |
Тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы не спорттық разрядтары мен санаттарын беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрық |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап |
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап |
5 |
Орындау мерзімі |
1 күн |
23 күнтізбелік күн |
3 күнтізбелік күн |
1 күнтізбелік күн |
1 күнтізбелік күн |
1 күнтізбелік күн |
"Екiншi және үшiншi разрядтар,
бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк
разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік қызметі регламентіне
2-қосымша