Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качиры ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі N 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 мамырда N 3532 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 25.07.2013 № 11 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, "Качир аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылы аумағында ауылшаруашылық жануарлардың құтырумен ауыру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.
      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі", "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті Качир ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлы-санитарлы ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлы-санитарлы іс-шараларды өткізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Ауылдық округ әкімі Р. Мадин
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Качир
      аудандық аумақтық инспекциясы" С. Сәрсенов
      2013 жылғы 23 сәуір
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Павлодар облысы
      бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау Департаменті Качир ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы" Т. Тыртықаев
      2013 жылғы 23 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады