Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 25.07.2013 N 236/7 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" N 981 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Губаревқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Бастенов
Павлодар облысы
Павлодар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
N 34/2 қаулысымен
бекітілді
"Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және
үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және
орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен
санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Павлодар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар ауданы филиалы арқылы (бұдан әрі – орталық ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне (бұдан әрi - алушылар) көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі N 981 қаулысымен бекітілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – стандарт).
6. Жұмыс кестесi:
уәкілетті органда демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22 мекенжайы бойынша;
орталықта мереке күндерiн қоспағанда, түскі үзіліссіз, демалыс күні – жексенбі, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10 мекенжайы бойынша.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртiбiнде, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негіздемелері стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау орталықтың қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы орталыққа стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттар тапсырылған кезде алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:
1) орталық қызметкері;
2) уәкілетті органның маманы;
3) уәкілетті органның комиссиясы;
4) уәкілетті органның бастығы.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірліктің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара іс-әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Уәкілетті органның лауазымды адамдары және орталық қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапты болады.
"Екінші және үшінші разрядтар,
бірінші, екінші және үшінші, жасөспірімдік
разрядтар, біліктілігі жоғары және орта
деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі
екінші санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі
екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі
спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық-функционалды бірліктердің (бұдан әрі – бірліктер)
іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Үдерістің (барыстың, жұмыс легінің) іс-әрекеттері | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Іс-әрекеттің (барыстың, жұмыс легінің) N |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
Бірліктердің атауы |
Орталық қызметкері |
Уәкілетті органның комиссиясы |
Уәкілетті органның бастығы |
Уәкілетті органның маманы |
Уәкілетті органның бастығы |
Орталық қызметкері |
3 |
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау |
Алушымен ұсынылған құжаттарды қарау |
Спорттық разрядтары мен санаттар беру туралы бұйрық шығарады |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қою |
Алушыға спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтан үзіндіні не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
4 |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім) |
Тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы не спорттық разрядтар мен санаттар беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрық |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жобасы |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
Спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
5 |
Орындау мерзімі |
1 күн |
күнтізбелік 23 күн |
күнтізбелік 3 күн |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 1 күн |
күнтізбелік 1 күн |
6 |
Келесі іс-әрекет нөмірі |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
"Екінші және үшінші разрядтар,
бірінші, екінші және үшінші, жасөспірімдік
разрядтар, біліктілігі жоғары және орта
деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі
екінші санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі
екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі
спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша