Павлодар аудандық мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 14/94 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 сәуірде N 3518 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы N 1-29/74 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 19.03.2014 N 1-29/74 хатымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған әлеуметтік төлемге құқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС);
      2) қайтадан некеге тұрмаған ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері;
      3) марапатталған тыл еңбеккерлері;
      4) шоғырланған лагерлердің бұрынғы кәмелет жасқа толмаған тұтқындары;
      5) қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері;
      6) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде алты айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалар;
      7) Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – ауғандықтар);
      8) Чернобыль атом электрстанциясындағы апат салдарын жоюдың мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – чернобыльдықтар);
      9) зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар, соның ішінде:
      зейнетақының ең төмен мөлшерін алатындар;
      жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
      жалғызбастылар;
      жасы бойынша зейнетақының ең төмен мөлшерін немесе әлеуметтік жәрдемақы алатын жалғызбастылар;
      жалғыз тұратындар;
      10) онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      11) туберкулездің жұқпалы ауру түрі бар тұлғалар;
      12) облыс әкімінің гранты бойынша оқып жатқан аз қамтамасыз етілген отбасылардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім студенттер;
      13) жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      15) жетім балалар;
      16) мүгедектер, атап айтқанда:
      1 топтағы мүгедектер;
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      17) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      18) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылар, соның ішінде:
      ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысымен;
      19) жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті әйелдер;
      20) "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген (бұдан әрі – бөлім), кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқып жатқан жұмыссыздар;
      21) бір жасқа дейінгі балалары бар жалғыз басты аналар;
      22) бөлімде есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың жерлеуін қамтамасыз ететін тұлғалар;
      23) 100 жасқа толған және асқан тұлғалар;
      24) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқымайтын және тәрбие алмайтын мектепке дейінгі жастағы балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      25) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар.
      2. Әлеуметтік көмектің келесі түрлерін алу үшін бөлімге осы шешімнің 1 тармағында әрбір санат бойынша көрсетілген келесі құжаттардың түрлерін ұсыну қажет:
      1) 1) тармақшада көрсетілген санат үшін Жеңіс күні қарсаңында 75000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, дәрі-дәрмектер сатып алуға 1 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 2,3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін, тістерді протездеуге 20000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек үшін, телефон үшін абоненттік төлемге 1 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй жөндеуге 30 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде "Ардагер ветеран", "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін, Жеңіс күні қарсаңында сыйлық жиынтықтарына 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес (бұдан әрі – мемлекеттік орталық);
      2) 2), 3), 4), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Жеңіс күні қарсаңында 3000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес;
      3) 2), 4) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 1,3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес;
      4) 4) тармақшада көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге 30 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес, электрмен жылытуды орнатуға 40 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде, "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес біржолғы материалдық көмек үшін;
      5) 3), 6), 18) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек үшін, 7), 8) тармақшаларда, 16) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес;
      6) 7) тармақшада көрсетілген санат үшін әскерлерді Ауғанстаннан шығару күні қарсаңында 5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге 1,3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін, сауықтыруға 4 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес, Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      7) 8) тармақшада көрсетілген санат үшін Отан қорғаушылар күні қарсаңында 5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге 1,3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін, сауықтыруға 4 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін, тістерді протездеуге 10000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес, Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      8) 9) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өтеуге 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін, 9) тармақшаның үшінші, бесінші абзацтарында қарттар күні қарсаңында 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес;
      9) 9) тармақшаның төртінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      10) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      11) 9) тармақшада көрсетілген санат үшін сауықтыруға 49000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), санаторлық-курорттық емделуден өту қажеттілігі туралы медициналық қорытындының көшірмесін, зейнеткерлік куәлігінің көшірмесін көрсете отырып;
      12) 10) тармақшада көрсетілген санат үшін жылына екі рет 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), ауыруды растайтын медициналық мекемеден анықтамасын көрсете отырып;
      13) 11) тармақшада көрсетілген санат үшін жол ақысына 0,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде, тамақтандыруға 6 ай бойы 4 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), ауыруды растайтын медициналық мекемеден анықтамасын көрсете отырып;
      14) 12) тармақшада көрсетілген санат үшін облыс әкімінің гранты бойынша оқу үшін жасалған шарт фактісімен облыстың жоғары оқу орындарында оқу үшін төлеуге, 10 ай оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және жол ақысына 15235 теңге мөлшерінде материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), облыс әкімінің гранты бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге келісім шартын, өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісін, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамасын көрсете отырып;
      15) 13) тармақшада көрсетілген санат үшін емделуге, дәрі-дәрмектер сатып алуға 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде, жеке қонысын дамытуға 75 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін - материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісін, ауылдық округ (ауыл) әкімі жанындағы комиссияның қолдаухатын, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамасын көрсете отырып;
      16) 14) тармақшада көрсетілген санат үшін сауықтыруға 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), босату туралы анықтамасының көшірмесін көрсете отырып;
      17) 15), 24) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Жаңа жыл қарсаңында 0,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – ауылдық округтер мен ауыл әкімдері және "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын тізімдерге сәйкес;
      18) 16) тармақшаның бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін мүгедектер күні қарсаңында 3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, 16) тармақшаның екінші абзацында балаларды қорғау күні қарсаңында 0,5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік орталық ұсынатын тізімге сәйкес;
      19) 17) тармақшада көрсетілген санат үшін 100 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте өкілетті орган берген өртке қарсы қызметінің өрт туралы актісін немесе қорытындысын, өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісін, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамасын көрсете отырып;
      20) 18) тармақшада көрсетілген санат үшін азық-түліктің бағасының өсуіне байланысты 3 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін, 18) тармақшаның екінші абзацында отын сатып алуға 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін, баланы балабақшада ұстауға 10000 теңге мөлшерінде тоқсан сайынғы материалдық көмек үшін - материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), өтініш жасалған сәтте ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстарды ескере отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі жанындағы комиссия өткізген алушының тұрғын үй-тұрмыстық шарттары мен материалдық жағдайын тексеру актісін, отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамасын көрсете отырып, 18) тармақшада көрсетілген санат үшін "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      21) 19) тармақшада көрсетілген санат үшін 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), жүктілігі бойынша есепке тұрған туралы анықтамасын көрсете отырып;
      22) 20) тармақшада көрсетілген санат үшін оқу кезеңі үшін 5 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін – тегін, атын, әкесінің атын, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, бөлім ұсынатын тізімге сәйкес;
      23) 21) тармақшада көрсетілген санат үшін балалар тамағын сатып алуға 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек үшін - материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, жалғыз басты ана деңгейін растайтын құжатты көрсете отырып;
      24) 22) тармақшада көрсетілген санат үшін жерлеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін - материалдық көмек тағайындау туралы өтінішке сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн, жеке куәлігінің көшірмесін, өтініш берушінің азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (немесе мекен-жайлық бюродан анықтамасын), қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесін, еңбек кітапшасының көшірмесін көрсете отырып;
      25) 23) тармақшада көрсетілген санат үшін қарттар күні қарсаңында 5000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек үшін – тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес;
      26) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, ауылдық округ (ауыл) әкімі ұсынатын тізімге сәйкес.
      3. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 5 сессиясы) 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 5/28 "Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 14 мамырда N 12-11-165 тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Заман тынысы" аудандық газетінің N 21, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Нива" аудандық газетінің N 21 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп табылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            К. Айғазинова

      Мәслихат хатшысы                           Б. Оралов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады