Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 08 қарашадағы N 469/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 желтоқсанда N 3626 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімі аппарат басшысының 27.01.2015 N 33/5-22/49 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімі аппарат басшысының 27.01.2015 N 33/5-22/49 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және жұмысқа орналастыруға интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар жұмыспен қамту мен жұмысқа қабылдауға ықпал көрсету мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлщерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамсыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы

Н. Сағандықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады