Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 09.10.2013 N 350/9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" N 221 Қаулысының 10 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылық дақылдарын себудің келесі мерзімдері белгіленсін:
бидай 10 мамыр - 27 мамыр,
арпа 10 мамыр - 27 мамыр,
сұлы 15 мамыр - 27 мамыр,
тары 20 мамыр - 30 мамыр,
қарақұмық 27 мамыр - 8 маусым,
күнбағыс 5 мамыр - 20 мамыр,
нут, бұршақ 10 мамыр - 20 мамыр,
зығыр 17 мамыр - 20 мамыр,
біржылдық шөптер 10 мамыр - 25 мамыр,
сүрлемдік жүгері және күнбағыс 10 мамыр - 25 мамыр.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Құсайын Тетайұлы Букаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Асқаров