1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына байланысты бір реттік материалдық көмек көрсету туралы

Жаңа

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 103 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 сәуірде № 975 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15  тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай Алматы қаласында тұрақты тұратын және белгіленген тәртіппен тіркелген келесі санаттағы азаматтарға бір реттік материалдық көмек белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 75 000 (жетпіс бес мың) теңге мөлшерінде;
      2) Жеңілдіктер мен кепілдіктер мәртебесі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6-8 баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
      3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 30 000 (отыз  мың) теңге мөлшерінде;
      4) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, науқастануы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.
      2. Бір реттік материалдық көмек көрсету «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қалалық бөлімшесі ұсынған тізімдері бойынша Алматы қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қоғамдық келісім мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына И. Лиға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю.Ильинге  (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының кезектен тыс
      ХV сессиясының төрағасы                 А. Моргунов

      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев


      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                              И. Ильин

      Алматы қалалық Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының бастығы                   Ә. Құлмаханов

      Алматы қаласы Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                   С. Қабдолов

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімі меңгерушісі                  А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады