Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 21.07.2014 N 3/588 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабының 3) тармағын басшылыққа ала отырып және Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-09/859 Алматы қаласының аумағында аса қауіпті карантиндік зиянкестердің: қаланың жасыл желектерінде калифорниялық бітенің (Quadraspidiotus perniciosus (Comst)), жұпсыз жібек құртының (Lymantria dispar (L)) және арам шөптердің: жусан жапырақты ойраншөбінің (Ambrosia artemisiifolia (L)) (бұдан әрі мәтін бойынша – карантинді нысан) табылғаны туралы ұсынысының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының аумағында карантинді нысанды толық жойғанға дейін карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
2. Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантинді нысандардың таралу ошағын оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлеу және олардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Енгізуші:
Алматы қаласы
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының басшысы А. Балова
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары Е. Шорманов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова
Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «5» маусымдағы
№ 2/489 қаулысына қосымша
Карантин режимін енгізе отырып,
карантин аймағын белгілеу үшін
Алматы қаласының аумағындағы карантин
нысандарының таралу ошағы
№ |
Аудандар |
Залалданған гектарлы алаңдар, оның ішінде, карантин нысандарының түрлері бойынша |
||
Өсімдіктердің зиянкестері |
Арам шөптер |
|||
Калифорниялық |
Жұпсыз жібек |
Жусан |
||
1 |
Алмалы ауданы, барлығы: |
6,6 |
2,9 |
|
«Северный» шағын бағы. Қазыбек би көшесі – Абылай-хан даңғылы – Әйтеке би көшесі – Панфилов көшесі – шаршысында |
2,9 |
|||
«Астана» алаңындағы шағын бақ. |
0,7 |
|||
«Қаздрамтеатрының» шағын бағы. Абай даңғылы – Мұқанов көшесі – Құрманғазы көшесі – Мұратбаев көшесі - шаршысында |
1,9 |
|||
«Комсомол» шағын бағы. Шевченко көшесі – Радостовец көшесі – Жамбыл көшесі – Жароков көшесі - шаршысында |
4 |
|||
2 |
Медеу ауданы, барлық: |
2,1252 |
||
Тәтібеков көшесі |
0,1 |
|||
Қарашаш көшесі |
0,09 |
|||
Қазықұрт көшесі |
0,1 |
|||
Жиренше көшесі |
0,04 |
|||
Қарқаралы көшесі |
0,09 |
|||
Ақмешіт көшесі |
0,07 |
|||
Бурабай көшесі |
0,0250 |
|||
Ұлытау көшесі |
0,0402 |
|||
«Думан» шағын бағы |
0,2 |
|||
Алтын Емел көшесі |
0,09 |
|||
Бішкек көшесі |
0,07 |
|||
Халиулин көшесі |
0,06 |
|||
Рысқұлов көшесі |
0,12 |
|||
Аңырақай көшесі |
0,1 |
|||
Тарбағатай көшесі |
0,03 |
|||
Тянь-Шаньская көшесі |
0,7 |
|||
Бұзұрбаев көшесі |
0,2 |
|||
3 |
Түрксіб ауданы, барлығы: |
0,5 |
1,956 |
|
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бағы, Дөнентаев көшесі, 32 |
1,956 |
|||
№ 4 өрт сөндіру бөлімінің бағы, Дөнентаев көшесі, 6а |
0,5 |
|||
Алматы қаласы бойынша барлығы: |
7,1 |
4,856 |
2,1252 |