Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 шілдедегі N 3/657 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 тамызда N 995 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 2/236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.04.2014 N 2/236 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/230 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 934 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы «Вечерний Алматы» газетінде және 2012 жылғы 22 мамырдағы «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған):
      «кіріспедегі 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылсын;
      2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/231 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 935 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған):
      «кіріспедегі 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылсын;
      3) Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/1050 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 965 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 ақпандағы «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған):
      «кіріспедегі 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов

      Енгізуші:

      Алматы қалалық Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының басшысы                  Ә. Құлмаханов

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары      Ю. Ильин

      Алматы қаласы әкімі аппаратының
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады