Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының аумағында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі N 3/784 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 қазанда N 1001 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы N 2/338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.05.2014 N 2/338 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/1098 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 967 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 наурызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы 1 тармағының 21-1, 22-3 тармақшаларына, 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11, 16 және 17 баптарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов

      Енгізуші:

      Алматы қаласы Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының басшысы                  С. Қабдолов

      Келісілді:

      Алматы қаласы
      әкімінің орынбасары                    М. Құдышев

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету
      сапасының сақталуын бақылау
      бөлімінің басшысы                      М. Сүйіндіков

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады