Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 14.07.2014 N 3/586 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2013 жылғы 8 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк маңызы бар мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Алматы қаласының бiлiм саласындағы мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/1097 қаулысына (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 966 болып тiркелген, 2013 жылғы 16 ақпанда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
кіріспедегі «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабына» сөздері «Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 және 3 тармақтарына» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген:
1) Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау;
2) Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызметтер регламенттерінің 1 тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына» сөздері «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 және 3 тармақтарына» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген:
1) Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау;
2) Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
3) Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
4) Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау;
5) Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
6) Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау;
7) Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
8) Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру;
9) Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметтер регламенттерінің 2 тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына» сөздері «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 және 3 тармақтарына» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Енгізуші:
Алматы қаласы Білім
басқармасының басшысы Р. Шимашева
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары З. Аманжолова
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова