2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 желтоқсандағы N 109 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде N 2234 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2015 жылғы 1 шілдедегі N 1.14-7/1840 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 01.07.2015 N 1.14-7/1840 хаты).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
       1-ші қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесі;
       2-ші қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормалары.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С. Ескендіров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

  Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
29 наурыз № 109 қаулысына
1-қосымша

2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесі

Басым дақылдарының атауы
Дәнді дақылдар:
Жаздық бидай
Күздік бидай
Күздік қарабидай
Арпа
Сұлы
Қарақұмық
Тары
Дәнді бұршақты дақылдар
Майлы дақылдар
Картоп
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша өнімдері
Жабық топырақтағы көкөністер
Жемшөптік дақылдар:
бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
жүгері және сүрлемдік күнбағыс
біржылдық шөптер

  Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
29 наурыз № 109 қаулысына
2-қосымша

2013 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
арзандатуға субсидиялар нормалары

№ р/н
Басым дақылдарының атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (субсидиялардың базалық нормасы)
450
2
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар
800
3
Майлы дақылдар
3900
4
Картоп
12 000
5
Ашық топырақтағы көкөністер мен бақша өнімдері
12 000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер, бақша, картоп өнімдері
24 000
7
Қорғалған топырақтағы көкөністер
1 300 000
 
Жемшөптік дақылдар:
 
8
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
1100
9
Бірінші жылы егілген басқа да көпжылдық шөптер
1100
10
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс
1100
11
Біржылдық шөптер
1500

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады