Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін дәрі құралдарын беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 13/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде N 2236 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы N 14/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.06.2017 N 14/10 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын, өкпе гипертензиясымен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емделу кезінде рецепт бойынша қосымша тегін Бозентан (Траклир) дәрісі берілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихатының
      XIІІ сессиясының төрағасы Р. Әбдірахманова
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихатының
      хатшысы Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады