Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы N 23/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда N 2482 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

       Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХХІІІ сессиясының төрағасы                   С. Тимофеев

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың хатшысы                 Қ. Едіресов

      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      2013 жылғы 13 желтоқсандағы
      № 23/8 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

      1. Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібін анықтайды.
      2. Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен (әрі қарай Құрмет грамотасы) марапатталады:
      азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және қоғамдық, мемлекеттiк қызметте, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтуды iске асыруда табысты еңбек еткен, қайырымдылықпен айналысатын және облыстың (қаланың, ауданның) алдында өзге де елеулi жетiстiктерi үшiн олардың облыстың (қаланың, ауданның) алдында сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде;
      ұйымдастыру-құқықтық нышандары мен меншік түрлеріне қарамай кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық ұжымдар демократияны, достық пен қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз еткені, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және қалыптасуына үлес қосқаны, Солтүстік Қазақстан облысы (қала, аудан) аумағында әлеуметтiк-экономикалық саясатты қалыптастырғаны және іске асырғаны үшін;
      Солтүстік Қазақстан облысына (қала, аудан) еңбек сiңiрген шет ел азаматтары.
      3. Құрмет грамотасының нышаны:
      Құрмет грамотасы беткі жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және алтынмен басылып, мемлекеттiк тiлде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ», орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» сөзi жазылған көгiлдiр түстi папкадан тұрады.
      Қосымша бет қалың жылтыр А3 форматты қағаздан екі жағына алтын түсті өрнек салынған, баспаханалық әдiспен бүктелген күйде орындалады.
      Қосымша беттің беткі жағында орта кезінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының түрлі-түсті суреті салынған, төменгі жағында мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және орыс тілінде «Республика Казахстан» деген түрлі-түсті жазуы бар.
      Қосымша беттiң сол жағының үстiңгi бөлiгiнде Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік туының бейнесі, бейненің астында қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» деген жазу бар, және мемлекеттік марапатталушының аты-жөнiн, тегiн және еңбегiн көрсету үшiн орын қалдырылған, әрі қарай «Солтүстік Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) әкімі» мәтіні орналастырылған, қол қоюға, аты-жөнінің бірінші әріптерін көрсетіп, тегін, төменгі жағында тапсырылған күнін мемлекеттік тілде көрсетуге орын қалдырылған.
      Қосымша беттiң оң жағында жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының желбіреген Мемлекеттік туының бейнесі, бейненің астында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» деген жазу бар, және мемлекеттік марапатталушының аты-жөнiн, тегiн және еңбегiн көрсету үшiн орын қалдырылған, әрі қарай «Аким Северо-Казахстанской области (города, района)» мәтіні орналастырылған, қол қоюға, аты-жөнінің бірінші әріптерін көрсетіп, тегін, төменгі жағында тапсырылған күнін мемлекеттік тілде көрсетуге орын қалдырылған.
      Екі жағына көгілдір, ашық қоңыр және сары түстен өрнек салынған.
      4. Азаматты және шет ел азаматын Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыну облыс (қала, аудан) әкіміне келесі құжаттарды қоса берумен жолданады:
      Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылған азаматтың, шет ел азаматының жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша еңбек ұжымының (тұрғындардың) жиналысының хаттамасы немесе ұсынатын ұйымның ұсынысы. Өтініштің мамұны мынадай болуы тиіс:
      тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жарғылық және құрылтайлық құжаттарға сәйкес ұйымның толық атауын және ұсыныс енгізген сәттегі штаттық кестеге сәйкес атқаратын лауазымының толық атауын көрсетумен жұмыс орны туралы мәлімет, саладағы, сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша тиісті ұйымдағы жалпы еңбек өтілі, еңбек жолы туралы мәлімет, демократияны нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге, жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына, облыс (қала, аудан) аумағындағы әлеуметтік және экономикалық саясатты құруға және іске асыруға қосқан жеке үлесі, белсенді қоғамдық-саяси қызметтері мен еңбегі, марапаттары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді, ұсынып отырған марапаттау туралы мәтін үлгісі, марапаттау күні.
      5. Жергілікті атқарушы, өкілетті органдарды, еңбек ұжымдарын, кәсіпорындарды, қоғамдық ұйымдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыну облыс (қала, аудан) әкіміне жолданады және мына мазмұнда болады:
      жарғылық немесе құрылтайлық құжаттарына сәйкес толық атауы, қызметі, құрылу тарихы, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси қызметі, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени немесе қоғам өміріндегі басқа саладағы жетістіктері туралы қысқаша мәліметтер, ұсынып отырған марапаттау туралы мәтін үлгісі, марапаттау күні.
      6. Қайта марапаттау алдыңғы марапаттау күнінен соң кем дегенде 5 жыл өткеннен кейін жүргізіледі.
      7. Алдын ала қарау және құрмет грамотасымен марапаттау бойынша ұсыныс әзірлеу үшін келіп түскен құжаттар облыс (қала, аудан) әкімдігі жанынан құрылған, наградалар жөніндегі комиссияға жіберіледі. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешімді марапаттауға ұсынылған материалдарды қарау жөніндегі комиссияның оң нәтижесіне сәйкес облыс (қала, аудан) әкімі қабылдайды.
      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс (қала, аудан) әкімі немесе оның тапсырысы бойынша орынбасарлары тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады