"Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 29 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы N 1019 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 маусымда N 2294 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 29 қаулысына (2013 жылғы 17 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 2070, «Қызылжар нұры» газетінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы, «Проспект СК» газетінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері жаңа редакцияда мазмұндалсын, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес.
      Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар еңбекақысы төлемінің мөлшері жаңа редакцияда мазмұндалсын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Закариянов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес
      жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық
      орталығы» ММ бас дәрігерінің м.а.          А. Сыздықова

      Қазақстан Республикасы СҚО Петропавл қ.
      «Коммунхоз Петропавловск»
      жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
      директоры                                  М. Қалиев

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      «Солтүстік Қазақстан облысының
      Әділет департаменті» ММ басшысы            Е. Сейдімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан
      облысының Әділет департаменті
      Петропавл қаласының әділет басқармасының
      басшысы                                    Ж. Самашев

      «Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      Сот актілерін орындау комитетінің
      Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін
      орындау департаменті» ММ басшысы           Р. Базылов

      «Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасы
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан
      облысы бойынша басқармасы» ММ бастығы      Ж. Ілияс

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
      «Облыстық наркологиялық орталық»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Б. Ыбыраев

      «Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы соты жанындағы соттардың
      қызметін қамтамасыз ету департаментінің
      (Қазақстан Республикасы жоғарғы соты
      аппаратының) Солтүстік Қазақстан облыстық
      сотының кеңсесі» ММ басшысы                С. Ақтанов

      «Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі Салық комитеті
      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
      Салық департаментінің Петропавл қаласы
      бойынша Салық басқармасы» ММ басшысы       М. Мұхамеджанов

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрлігінің
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасы» РММ бастығы          Д. Ғабдуллин

      «Солтүстік Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Петропавл қаласының ішкі істер
      басқармасы» ММ бастығы                     Ә. Қасейінов

Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 6 маусым № 1019
қаулысына 1-қосымша

Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 14 қаңтар № 29
қаулысымен бекітілген

Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері


р/
р

Кәсіпорын, ұйым атауы

Жұмыс
орын-
дары

Қоғамдық жұмыс түрі

Жұмыс көлемі

Қоғамдық жұмыстар-
дың ұзақ-
тығы (ай)

Қаржылан-
дыру көзі

1

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

230 адам

Қала аумағын жинауға көмек көрсету;
аумақтарды көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету

453735000 шаршы метр;
 
57150 шаршы метр;
 
 
28000 мұзды блоктар

12

Петропавл қаласының бюджеті

2

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

7 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету;

қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

3

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы «Сот актілерін орындау бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі

10 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

4

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі

7 адам

АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттармен, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

5

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі

7 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапалығы және жеделділігі мақсатында мәліметтер дерекқорын құруға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

6

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

9 адам

Петропавл қаласы бойынша есептелген және төленбеген салық сомасы туралы хабарлама тапсыру

80000 хабарлама

12

Петропавл қаласының бюджеті

7

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының мәліметтер дерекқорын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

8

«Петропавл қаласының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Иесіз мүлік ретінде жер учаскелерін тексеруге және таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек

7000 құжат

12

Петропавл қаласының бюджеті

9

«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек, құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталуына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

10

«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

11

«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Петропавл қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылдау үшін иесіз тұрғын және адам тұрмайтын объектілерді анықтау.
Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету

1250 тұрғын объектілерін тексеру
 
 
 
 
 
Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

12

«ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Халықтың әлжуаз топтарының арасында АИТВ–инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында алдын алу бағдарламаларын іске асыруға көмек көрсету

2500 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек

12

Петропавл қаласының бюджеті

13

«Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі

29 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету

8400 іс

12

Петропавл қаласының бюджеті

14

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

15

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

8 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

16

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

10 адам

АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттармен, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, жеке тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды сақтауға даярлауда өңдеуге көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

17

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2 адам

Қаланың оқу орындарында есірткі инъекциялары мен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету

3200 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелесулер өткізу барысында маманға көмек

12

Петропавл қаласының бюджеті

18

«Петропавл қаласының жұмыспен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету;

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

19

«Петропавл қаласының жұмыспен дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті

20

«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Құжаттардың жинақталу шамасына қарай

12

Петропавл қаласының бюджеті


Қорытынды

339 адам





Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 6 маусым № 1019
қаулысына 2-қосымша

Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 14 қаңтар № 29
қаулысымен бекітілген

Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар еңбекақы төлемінің мөлшері


р/р

Жұмыс түрлері

Бір жұмыссызға еңбекақы төлемінің мөлшері

Жұмыс тәртібі

Бес күндік жұмыс аптасы

1

Физикалық жүктеме және ашық ауамен байланысты жұмыстар (қаланы абаттандыру, тазалау, жөндеу және құрылыс жұмыстары)

2,2 ең төменгі еңбекақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

жұмыс күні - 8 сағат

2

Ғимарат ішінде орындалатын және физикалық жүктемемен байланыссыз жұмыстар

1,2 ең төменгі еңбекақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

жұмыс күні - 8 сағат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады