Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 11.12.2013 N 02.14/03-03/2710 хаты)
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2013 жылы екінші өсімдік айналымына басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Т. Закариянов
Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 14 тамыздағы
№ 1499 қаулысына
қосымша
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2013 жылы екінші өсімдік айналымына басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақылдардың атауы |
Өтінім беру мерзімдері |
Егу мерзімдері |
1 |
Қияр |
2013 жылғы 20 қыркүйекке дейін |
2013 жылғы 1 қыркүйек – 2013 жылғы 31 желтоқсан |