Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, селолық округтер және ауылдық округі әкімдері үміткерлердің таңдаушыларымен кездесуді өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі N 174 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 шілдеде N 2316 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы N 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 19.08.2013 N 210 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңы 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 46-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша), Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында селолық округтер және ауылдық округ әкімдері үміткерлердің таңдаушыларымен кездесуін өткізу үшін 1-қосымшаға келісті үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында келісім-шарт негізінде селолық округтер және ауылдық округ әкімдері үміткерлердің таңдаушыларымен кездесуін өткізу үшін 2-қосымшаға келісті үй-жайлар ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Махаббат Төлегенқызы Дүйсембаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күні өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 23 шілдесінен болған қарым-қатынасына таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының әкімі                    Қ. Қасенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аққайың аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы                     М.Т. Дүйсембаева
      2013 жылғы 5 шілде

Аққайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 шілдедегі
№ 174 қаулысына
1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастырудың орындары

Р/с

Селолық округтің атауы

Сайлау алдындағы үгіттің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған қондырғылардың орны және мекенжайы

1

Смирнов

Ақпараттық қалқан: Смирново селосы 9 Май көшесі, 67, «Аққайың ауданы Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанында

Аққайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 шілдедегі
№ 174 қаулысына
2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында селолық округ және ауылдық округі әкімдерінің үміткерлерімен таңдаушылардың кездесуге арналған келісім негізінде ұсынылатын тұрғын-жайлардың тізбесі

Р/с

Ауылдық (селолық) округтің, елдімекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесуге арналған тұрғын-жай

1

Смирнов

Смирново селосы: «Аққайың ауданы Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, мәжіліс залы, 9 Май көшесі, 67

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады