Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған мақсатты топтарды анықтау және қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қарашадағы N 277 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда N 2422 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 26.12.2013 N 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі)

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
      1) аз қамтамасыз етілгендер;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата–аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) Оқуларын аяқтаған кейін алты айдың ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) отбасыларында бірде–біреуі жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi нысаналы топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту бойынша және әлеуметтiк қорғаудың қолдау шараларын уақытылы қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.
      5. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының әкімі                    Қ. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады