Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы N 22 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда N 2429 болып тіркелді

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұкановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В. Гриб
      2013 жылғы 4 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады