Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкас ауылдық округінің Новороссийское ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкас селолық округі әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 ақпанда N 2176 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасское ауылдық округі әкімінің 11.07.2018 № 06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Новороссийское ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкас ауылдық округінің Новороссийское ауылы көшелеріне атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі М. Жұманғаринов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Аққайың ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      14 қаңтар 2013 жыл
      "Аққайың ауданнының құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шабаев
      14 қаңтар 2013 жыл

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкас ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 4 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы Черкас ауылдық округінің Новороссийское ауылы көшелерінің атауы

      Бірінші көше – Центральная көшесі;

      Екінші көше – Новая көшесі;

      Үшінші көше – Рабочая көшесі;

      Төртінші көше – Школьная көшесі;

      Бесінші көше – Молодежная көшесі;

      Алтыншы көше – Строительная көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады