Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 5-12-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 сәуірде N 2252 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі N 3.2.3-2/61 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 30.04.2015 N 3.2.3-2/61 хаты).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2013 жылға аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының кезекті
ХIІ сессиясының төрағасы
В. Казаркин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының
хатшысының м.а.
В. Казаркин
      "КЕЛІСІЛДІ":
"Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Қ. Мырзағұлов
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
М. Рамазанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады