Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 16.08.2013 N 342 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар 2-қосымшаға сәйкес шарттық негізде ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Құрманғазы Серікұлы Қайнетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі А. Тастеміров
«КЕЛІСІЛДІ»
Айыртау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.А. Мерғасымов
2013 жылғы 10 шілде
Айыртау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 274 қаулысына
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында ауылдық округтердің әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ОРЫНДАР
№ р/с |
Селолық округтің атауы |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1. |
Антоновка селолық округі |
Антоновка селосы - «Журавка» ЖШС ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
2. |
Арықбалық селолық округі |
Арықбалық селосы – «Марха» дүкені ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
3. |
Володар селолық округі |
Саумалкөл селосы - «Сердечная» дәріханасы ғимаратының жанындағы қалқан Ш. Уәлиханов көшесі (келісім бойынша) |
4. |
Гусаковка селолық округі |
Гусаковка селосы - «Гусаковка» ЖШС демалыс орталығы ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
5. |
Елецкий селолық округі |
Елецкое селосы - «Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС «Елецкое» шаруашылығының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
6. |
Имантау селолық округі |
Имантау селосы - шағын-базар жанындағы қалқан |
7. |
Казанка селолық округі |
Казанка селосы - «Достық-Дән» ЖШС-нің № 3 өндірістік учаскесінің әкімшілік ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
8. |
Қамсақты селолық округі |
Карасевка селосы - «Қантай» дүкені ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
9. |
Қаратал селолық округі |
Қаратал селосы - «Қаратал селолық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратының жанындағы қалқан |
10. |
Константиновка селолық округі |
Константиновка селосы - «Константиновка-2004» ЖШС-нің кеңсесі ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
11. |
Лобанов селолық округі |
Лобаново селосы - бұрынғы «Лобаново» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
12. |
Нижнебурлук селолық округі |
Нижний Бурлук селосы - «Балдырған» балабақшасы ғимаратының жанындағы қалқан |
13. |
Сырымбет селолық округі |
Сырымбет селосы - селолық округ әкімі аппаратының және Сырымбет орта мектебі ғимараттарының арасындағы қалқан |
14. |
Украин селолық округі |
Кирилловка селосы - сауда павильоны ғимаратының жанындағы қалқан (келісім бойынша) |
Айыртау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 274 қаулысына
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлардың тізімі
№ р/с |
Ауылдық (селолық) округтің, елді мекеннің атауы |
Таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай |
1. |
Володар |
Саумалкөл селосы, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оқу залы, Ақан Сері көшесі № 31 үй |