Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы N 277 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 4 ақпандағы N 39 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 наурызда N 2213 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 178 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 277 қаулысына (Нормтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 14 қыркүйекте № 1850 тіркелген, 2012 жылғы 13 қазандағы «Ақжар-хабар» № 40 және 2012 жылғы 13 қазандағы «Дала Дидары» № 40 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15 абзацпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау».
      «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының әкімі                      А. Тастеміров

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 ақпандағы № 39
қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 тамыздағы № 277
қаулысымен бекітілді

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органдардың, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдары құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың кіші жүйелері (бұдан әрі – ҚФБ);
      2) уәкілетті орган - «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ, мемлекеттік қызмет осы регламенттің 12-қосымшаларына сәйкес мекенжай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Акжар аудандық бөлімі (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғай елді мекендердің тұрғындарына мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      5. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-тарауы, «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      6. Уәкілетті органда және Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органның www.ozsp-azh.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органның, Орталықтың стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналасқан.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      9. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, мекенжайлары мен телефондары осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықта қабылдау тездетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті электрондық үкіметтің веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар уәкілетті органның үй-жайында;
      2) залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген Орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
      Уәкілетті органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 13-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      уәкілетті органда – он күнтізбелік күн ішінде;
      Орталықта – күнтізбелік он күн ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;.
      4) қажетті құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      12. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) уәкілетті органға:
      мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматтарының) жиынтық табысы есептеу тәртібін тұрғын қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған жарнаның мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      2) Орталыққа:
      отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматтарының) жиынтық табысы есептеу тәртібін тұрғын қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған жарнаның мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар;
      азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      14. Уәкілетті органда өтініштердің нысандары күту залындағы арнайы тағанда және құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      15. Мемлекеттік қызмет алуға қажетті толтырылған өтініш пен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендінде орналастырылған.
      Орталық арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      16. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызмет алушыға:
      1) уәкілетті органда – мемлекеттік қызметті алушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
      2) Орталықта:
      өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;
      сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орыны;
      орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама) туралы есеп беру:
      1) уәкілетті органға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының тікелей өзі баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      2) Орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайларда, орталық оларды осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
      Орталықтың қызметкері құжаттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда өтініш иесіне жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
      Уәкілетті орган орталықтан түскен, осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.
      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе орталықтың қызметкері бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
      18. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтініш алған мерзімнен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) уәкілетті орган арқылы:
      уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушыдан қажетті құжаттар тізбесін алады, тұтынушыға мемлекеттік қызметті тіркеу күні, орны және алу датасын, құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның аты-жөнін, тегін көрсетумен талон береді, өтінішті тіркейді, уәкілетті орган басшысына тапсырады;
      уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны белгілейді, бұрыштама салады және құжаттарды жауапты орындаушыға тапсырады;
      жауапты орындаушы тұрғын үй көмегін алуға тұтынушы қызметінің құқығын анықтауға келіп түскен құжаттарды қарайды, тұрғын үй көмегін тағайындау туралы тұтынушыға хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және қол қою үшін уәкілетті органның басшысына жолдайды;
      уәкілетті органның басшысы тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін уәкілетті органның жауапты маманына тапсырады;
      уәкілетті органның жауапты маманы тұтынушыға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және мемлекеттік қызметті алушыға тапсырады.
      2) Орталық арқылы:
      мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды Орталыққа береді;
      Орталық инспекторы құжаттарды қабылдайды, тұтынушыға мемлекеттік қызметті тіркеу күні, орны және алу датасын көрсетумен талон береді және құжаттарды Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына тапсырады;
      Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинайды, құжаттар тізімдемесін құрастырады, құжаттарды уәкілетті органға жолдайды;
      уәкілетті органның жауапты маманы Орталықтан құжаттарды қабылдайды және оларды уәкілетті органның басшысына қарауға тапсырады;
      уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны белгілейді, бұрыштама салады және құжаттарды уәкілетті органның жауапты орындаушысына жібереді;
      уәкілетті органның жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, қол қою үшін уәкілетті органның басшысы жібереді;
      уәкілетті органның басшысы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, құжаттарға қол қояды және жауапты маманға тапсырады;
      уәкілетті органның жауапты маманы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды;
      Орталық инспекторы мемлекеттік қызметті алушыға хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (әрі қарай - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті органның жауапты маманы;
      3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
      4) Орталық инспекторы;
      5) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы.
      20. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) бір ізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
      21. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бір ізділігі арасындағы өзара әрекетті бейнелейтін сызба осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушылар уәкілетті органның, Орталықтың басшысы мен лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
      Лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіптегі белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапты болады.

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Талшық селосы, Целинная көшесі, 13а

Күн сайын сағат 9.00 бастап 18.00 дейін, 13.00-14.00 түскі үзіліс, демалыс – сенбі және жексенбі

8(71546) 2-21-37

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы

р/с

Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

1

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ақжар аудандық бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Талшық селосы, Победа көшесі, 67

Күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 19.00 дейін, демалыс – жексенбі

8(71546) 2-21-11

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің (шаралардың) бір ізділігі мен өзара әрекеттерін сипаттау 1-кесте. Уәкілетті органда ҚФБ іс-әрекеттерін сипаттау

Негізгі (баламалы) процестің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, мемлекеттік қызметті алушыға талон беру, құжаттарды уәкілетті органның басшысына тапсыру

Құжаттарды қару, жауапты орындаушыны белгілеу, бұрыштама салу

Тұрғын үй көмегін алуға мемлекеттік қызметті алушы құқығын анықтау үшін құжаттарды қарау, хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру–
өкімдік шешім)

Талон

Бұрыштама (қарар)

Хабарлама не қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Орындалу мерзімдері

20 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

8 жұмыс күні ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

Негізгі (баламалы) процестің іс-әрекеттер сипаттамасының жалғасы (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

4

5

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оларды сипаттамасы

Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру–
өкімдік шешімі)

Құжатқа қол қою

Тұтынушыға хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Орындалу мерзімдері

1 жұмыс күні ішінде

20 минуттан аспайды

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5


Кесте 2. Орталықтың (ХҚКО) қатысуымен уәкілетті органдағы ҚФБ-ң іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі (баламалы) процестің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Орталық
инспек-
тоы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжат-
тарды
қабыл-
дау,
өтінішті
тіркеу,
қолхат беру

Құжаттарды жинау, тізілім құрастыру, құжаттарды уәкілетті органға жіберу

Орталықтан құжаттарды қабылдау, уәкілетті органның басшысына қарау үшін жолдау

Өтінішке бұрыштама қою және уәкілетті органның жауапты орындау-
шысына тапсыру

Тұтынушының тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтау үшін құжаттарды қарау, хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру–
өкімдік шешім)

Қолхат

Құжаттарды уәкілетті органға жіберу

Бұрыштама қою үшін құжаттарды уәкілетті органның басшысына беру

Бұрыштама (қарар)

Хабарлама не қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Орындалу мерзімдері

30 ми-
нуттан
аспайды

күніне бір реттен кем емес

15 минут

1 жұмыс күні ішінде

8 күнтізбелік күн ішінде

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

Негізгі (баламалы) процестің іс-әрекеттер сипаттамасының жалғасы (барысы, жұмыс ағыны)

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

6

7

8

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қою

Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

Алушыға хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру–
өкімдік шешім)

Құжатқа қол қою

Мемлекеттік қызмет нәтижесін Орталыққа тапсыру

Хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап алғандығы туралы алушының қолы

Орындалу мерзімдері

1 күнтізбелік күні ішінде

Тіркеу 15 минут ішінде, Орталыққа беру күніне бір реттен кем емес

20 минуттан аспайды

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

7

8


3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

1 топ

ҚФБ

Орталық инспекторы

2 топ

ҚФБ

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

3 топ

ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты маманы

4 топ

ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы

5 топ

ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

№ 1 әрекет.

Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу

№ 2 әрекет.

Жинақтау бөліміне құжаттарды жинау, құжаттарды уәкілетті органға жолдау

№ 3 әрекет.

Орталықтан немесе тұтынушыдан өтінішті қабылдау, тіркеу, өтінішті уәкілетті органның басшысына жолдау

№ 4 әрекет.

Орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу, бұрыштама салу

№ 5 әрекет.

Өтінішті қарау, хабарлама дайындау, құжаттарды уәкілетті органның басшысына тапсыру

№ 8 әрекет.

Мемлекеттік қызметті алушыға хабарлама беру


№ 7 әрекет.

Хабарламаны тіркеу. Хабарламаны Орталыққа тапсырады немесе мемлекеттік қызметті алушыға береді

№ 6 әрекет.

Хабарламаға қол қою


4-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

1 топ

ҚФБ

Орталық инспекторы

2 топ

ҚФБ

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

3 топ

ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты маманы

4 топ

ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы

5 топ

ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

№ 1 әрекет.

Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінішті тіркеу

№ 2 әрекет.

Жинақтау бөліміне құжаттарды жинау, құжаттарды уәкілетті органға жолдау

№ 3 әрекет.

Орталықтан немесе тұтынушыдан өтінішті қабылдау, тіркеу, өтінішті уәкілетті органның басшысына жолдау

№ 4 әрекет.

Орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу, бұрыштама салу

№ 5 әрекет.

Өтінішті қарау, бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау, құжаттарды уәкілетті органның басшысына тапсыру

№ 8 әрекет.

Мемлекеттік қызметті алушыға бас тарту туралы дәлелді жауап беру


№ 7 әрекет.

Бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу, Орталыққа тапсыру немесе мемлекеттік қызметті алушыға береді

№ 6 әрекет.

Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою


«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
4-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі арасындағы өзара әрекеттесуді бейнелейтін сызбалар 1-сызба. Мемлекеттік қызметті алушының уәкілетті органға жүгінген кезіндегі ҚФБ әрекетін сипаттау

2-сызба. Мемлекеттік қызметті алушының Орталыққа жүгінген кезіндегі ҚФБ әрекетін сипаттау

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 4 ақпандағы № 39
қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 тамыздағы № 277
қаулысымен бекітілді

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» Регламентінде (әрі қарай - регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      учаскелік комиссия – қорытынды дайындау мен әлеуметтік көмек алуға жүгінген отбасының материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы, Талшық с., Целинная көшесі, 13а, телефон 8(71546) 2-21-37 мекенжайында орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай - уәкілетті орган) ұсынылады.
      Уәкілетті орган болмағанда мемлекеттік қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті алуға кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне жүгінеді (әрі қарай – селолық округтің әкімі).
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шарлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-қ бұйрығына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 тіркелген, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-azh.sko.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушы алатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштағы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы регламенттің 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      уәкілетті органға - жеті жұмыс күні ішінде;
      тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкіміне - жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
      10. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі:
      демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.
      Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, бөлме режимі – еркін.
      12. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодтың нөмірі;
      2) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;
      4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;
      5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.
      Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.
      13. Уәкілетті органда өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Ауылдық округтің әкімінде өтініш нысандары құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне тапсырылады.
      Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде ілінген.
      Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде тұтынушыға мемлекеттік қызметке тұтынушының тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне тұтынушының өзі келгенде не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады:
      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;
      2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды  азаматтарына;
      3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылдау күнінен мемлекеттік қызмет нәтижесін беру күніне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      уәкілеттік органда, селолық округтің әкімінде:
      1) тұтынушы уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне өтініш береді;
      2) уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының (әрі қарай - әкім аппараты) жауапты маманы селолық округтің әкімі осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды және өтінішті қабылдайды, тіркеу жүргізеді, тұтынушыға талон береді және басшының немесе селолық округ әкімінің қарауына жібереді;
      3) уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі құжаттарды қарайды, қарар белгілейді және жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін құжаттарды уәкілетті органның немесе әкім аппаратының жауапты маманына жібереді;
      4) уәкілетті органның немесе әкім аппаратының бас маманы істі қалыптастырады және құжаттарды учаскелік комиссияның қарауына жібереді;
      5) учаскелік комиссия тұтынушының материалдық жағдайын зерттеуді жүргізеді (оның отбасының), отбасының материалдық жағдайы туралы акт толтырады және отбасының қажеттілігі туралы қорытындыны (әрі қарай – қорытынды) уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне ұсынады;
      6) селолық округтің әкімі құжаттарды тұтынушыға және қорытындыны уәкілетті органға тапсырады;
      7) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарламаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
      8) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына тапсырады;
      9) уәкілетті органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркейді және хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты селолық округ әкіміне жолдайды немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді;
      10) селолық округ әкімі тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекет (өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (әрі қарай – ҚФБ):
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) селолық округтің әкімі;
      3) учаскелік комиссия;
      4) уәкілетті органның жауапты маманы;
      5) әкім аппаратының жауапты маманы;
      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
      7) әкім аппаратының жауапты орындаушысы.
      17. Әрбір әкімшілік әрекетті орындау мерзімі көрсетіліп әрбір ҚФБ-мен әкімшілік әрекеттің (үдерістің) өзара әрекеті мен бір ізділіктің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      18. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық бір ізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның басшысы, селолық округтің әкімі, уәкілетті органның жауапты лауазымды тұлғалары, учаскелік комиссия мүшелері (әрі қарай – лауазымды тұлғалар).
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы қабылдаған шешім мен әрекетке (әрекетсіздікке), Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған тәртіптегі белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің жүзеге асырылуына жауапты болады.
      20. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      Жазбаша шағым берген тұтынушыға берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті тағайындау» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің (үдерістердің) бір ізділігі мен өзара әрекетін сипаттау 1-кесте. ҚФБ әрекетін сипаттау

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағыны)

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы

Учаскелік комиссия

Әрекеттің атауы (процесс, үрдіс, операция) және оны сипаттау

Құжаттарды қабылдау, журналға тіркеу және уәкілетті органның басшысына немесе селолық округтің әкіміне қарауға тапсыру

Құжаттармен танысу, қарар белгілеу

Құжаттар топтамасын жинау және тексеру

Құжаттарды қабылдау, тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу. Қорытынды дайындау

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-
өкімдік шешім)

Тіркеу, кіріс нөмірін беру

Жұмысты әрі қарай ұйымдастыру үшін жауапты маманға жіберу

Құжаттарды учаскелік комиссияға жіберу

Қорытындыны уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне жіберу

Орындау мерзімдері

15 минуттан аспайды

30 минут

1 жұмыс күні ішінде

5 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағыны)

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

5

6

7

8

9

ҚФБ атауы

Селолық
округтің
әкімі

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілет-
ті ор-
ганның
басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

Селолық округтің әкімі

Әрекеттің атауы (процесс, үрдіс, операция) және оны сипаттау

Қорытын-
дыны
қабылдау

Құжаттар мен қорытындыңы қабылдау, тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе та-
ғайындаудан бас тарту туралы шешім дайындау, хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдеу

Хабарла-
маға
немесе
бас
тарту
туралы
дәлелді
жауапқа
қол
қояды

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналға тіркеу, тұтынушыға хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру не 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыға беру үшін селолық округтің әкіміне жолдау

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға беру

Аяқтау нысаны (мәлімет-
тер,
құжат,
ұйымдасты-
ру-өкімдік
шешім)

Құжат-
тарды
уәкілет-
ті ор-
ганға
жолдау

Құжаттарды уәкілетті орган басшысына қол қоюға жіберу

Уәкілет-
ті ор-
ганның
жауапты
маманына
хабарла-
маны
немесе
бас
тарту туралы
дәлелді
жауапты
жіберу

Тіркеу, шығыс нөмірін қою, нәтижесін тұтынушыға не 1 жұмыс күні ішінде селолық округтің әкіміне беру

Хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру туралы қолхат

Орындау мерзімдері

14 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

30 минут

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде

Келесі әрекеттің нөмірі

6

7

8

9


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс

Уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы

Учаскелік комиссия

Селолық округтің әкімі

№ 1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды басшының немесе селолық округ әкімінің қарауына жіберу

№ 2 әрекет

Құжаттарды қарау, қарар белгілеу және әрі қарай жұмысты ұйымдастыру үшін жауапты орындаушыға жіберу

№ 3 әрекет

Құжаттар пакетін жинау және тексеру және құжаттарды учаскелік комиссияға жіберу

№ 4 әрекет

Тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу, отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасау және қорытындыны уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне жіберу

№ 5 әрекет

Қорытындыны алу және құжаттарды уәкілетті органға тапсыру

№ 8 әрекет

Хабарламаны тіркеу және хабарламаны тұтынушыға немесе селолық округтің әкіміне жіберу

№ 7 әрекет

Хабарламаға қол қою және уәкілетті органның жауапты маманына жіберу

№ 6 әрекет

Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім дайындау және хабарлама ресімдеу







№ 9 әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға беру

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс

Уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты маманы

Уәкілетті органның басшысы немесе селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның немесе ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының жауапты орындаушысы

Учаскелік комиссия

Селолық округтің әкімі

№ 1 әрекет

Құжаттарды қабылдау, талон беру, өтінішті тіркеу, құжаттарды басшының немесе селолық округ әкімінің қарауына жіберу

№ 2 әрекет

Құжаттарды қарау, қарар белгілеу және әрі қарай жұмысты ұйымдастыру үшін жауапты маманға жіберу

№ 3 әрекет

Құжаттар пакетін жинау және тексеру және құжаттарды учаскелік комиссияға жіберу

№ 4 әрекет

Тұтынушының (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу, отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасау және қорытындыны уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне жіберу

№ 5 әрекет

Қорытындыны алу және құжаттарды уәкілетті органға тапсыру

№ 8 әрекет

Бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және тұтынушыға немесе селолық округтің әкіміне беру

№ 7 әрекет

Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

№ 6 әрекет

Құжаттар мен қорытындыны қабылдау, бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау







№ 9 әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға беру

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті тағайындау» мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық бір ізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады