Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар мен ауылдық округтердің әкімі қызметіне кандидаттарды таңдаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жай анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 17 шілдедегі N 210 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 19 шілдеде N 2328 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 13 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында ауылдық округтердің әкімі қызметіне барлық кандидаттар үшін үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында аыулдық округ әкімі қызметіне барлық кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулер өткізуге 2-қосымшаға сәйкес келісім негізінде үй-жай берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. А. Баржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2013 жылғы 23 шілдеде пайда болған қатынастар үшін таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының әкімі М. Тұрысбеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақжар аудандық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы М. М. Шапенов
      2013 жылғы 17 шілде

  Ақжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 210 қаулысына
қосымша № 1

Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындары

№ п/п

Ауылдық округ атауы

Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Талшық

Тақта: Талшық селосы Ломоносов көшесі, 1, Орталық алаң

  Ақжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 210 қаулысына
қосымша № 2

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында ауылдық округтердің әкімі қызметіне кандидаттарды таңдаушылармен кездесулер үй-жай

№ п/п

Ауылдық округтің атауы

Таңдаушылармен кездесуге арналған үй-жай

1

Талшық

Талшық селосы, Мәдениет үйі, Ломоносов көшесі, 1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады