2014 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы N 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда N 2450 болып тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы N 6.1.2-3/817 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 05.06.2014 N 6.1.2-3/817 хаты)

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 2014 жылғы қаңтар-наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, жынысы ер азаматтарын әскерге шақыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Тасмағанбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрлігі
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ. Омаров
      2013 жылғы 10 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады