Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 25.02.2014 N 7.2.1-22/45 хаты)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Явленка селосының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне 2013 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
1) 1-4 сыныптары - ақысыз жол жүру;
2) 5-11 сыныптары - қолданыстағы тарифтің 50 пайызы көлеміндегі төлем түрінде.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы Н. Плетнев
Солтүстік Қазақстан облысының
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
«КЕЛІСІЛДІ» 2013 жылғы 28 наурыз
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының м.а. Г. Ташмақанова
«Есіл ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Г. Стороженко