Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 24.04.2018 № 27/145 (алғашқы рет ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 420, 422-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданы мәслихатының | |
сессия төрағасы | З. Рәхиева |
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысының
Есіл ауданы бойынша
Салық басқармасы
басшысының м.а. М. Мұстафина
2013 жылғы 16 мамыр
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 16 мамырдағы № 16/90 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бірыңғай тіркелген ставкалары
Р\с | Салық салу объектісінің атауы | Айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |