Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі N 245 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 шілдеде N 2313 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 22.10.2013 N 398 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 46-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Есіл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарға таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шартты түрде үй-жайлар ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Жангүл Жанұзаққызы Нұрмұқановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының әкімі                       М. Әбішев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Есіл аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Қ.Б. Рахиев
      5 шілде 2013 жыл

Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 шілдедегі
№ 245 қаулысына
1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарына орындар

Селолық окурігтің атауы

Үгіттеу сайлауы алдында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкция орны және мекенжайы

1

Явленка

Ақпараттық жайма тақта: Явленка селосы, Ыбыраев көшесі, орталық алаң, трибуна ауданында

Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 шілдедегі
№ 245 қаулысына
2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін шартты түрде ұсынылатын үй-жайлардың тізбесі

Ауылдық (селолық), елді мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесулер үшін үй–жай

1

Явленка

Явленка селосы: Мәдениет үйі, Ленин көшесі 1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады