Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне 2014 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 25/149 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда N 2507 болып тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Явленка селосының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне 2014 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
      1) бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - тегін жол жүру;
      2) бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеу түрінде.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы                            В. Шкодин

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының хатшысы           Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады