1. Аудан әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, 2013 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық | |
мәслихаттың кезекті | |
ХІІІ сессиясының төрағасы | Б. Мұсабаев |
Жамбыл аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Б. Мұсабаев |