Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 24.05.2013 N 184 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21–бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев ауданының кейбір мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 01 маусымдағы № 260 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 13-9-160 бойынша тіркелген, 2012 жылғы 10 тамыздағы «Мағжан жұлдызы», «Вести» аудандық газеттерінде № 32 жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В. Бубенко